Қазақстандық құтқарушы Қытайда ММА чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM – 18 қаңтар Люйлянда (Қытай) жергілікті JCK Kings 007 лигасының ММА жекпе-жек турнирі өтті.

құтқарушы
Фото: видеодан алынды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, аталған іс-шарада бұрын-соңды жеңіліс таппаған қазақстандық Көшен Ақанов (5-0) Kubulan Tursynbek-пен (15-12) жекпе-жек өткізді.

Бұл жекпе-жек бойынша хабарламаны 27 жастағы Ақанов аз уақыт ішінде қабылдады. Бастапқыда ол 17 қаңтарда Кувейтте өтетін жекпе-жекке шығуы керек еді. Алайда жекпе-жек қарсыласының жарақат алуына байланысты тоқтатылды.

Спортшылар арасындағы бәсекелестік жоғары болды. Алайда бұл турнирде елордалық құтқарушы Көшен Ақанов қарсыласынан мықты болып, чемпион атағына ие болды.

Айта кетейік, ұшақ апаты салдарын жоюға қатысқан маңғыстаулық құтқарушылар марапатталды.

Соңғы жаңалықтар