Қазақстандық мерген іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті

ПАРИЖ. KAZINFORM - Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық мерген Никита Чирюкин іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында бақ сынады. 

Никита Чирюкин
Коллаж: Kazinform

Никита Чирюкин тапанша атудан (25 м) іріктеу кезеңінің бірінші айналымында сынға түсіп, 293 ұпай еншіледі. Нәтижесінде отандасымыз 29 спортшы қатысқан жарыста 6-орынға табан тіреді. 

Іріктеу кезеңінің екінші айналымы бүгін, 4 тамызда сағат 16:00-де басталады. Үздік шыққан 6 мерген финалдық кезеңге жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық Нора Джеруто Олимпиада финалына шықты. 

Сондай-ақ 4 тамыз күні Олимпиадада қазақстандық спортшылар қай уақытта сайысқа түсетінін жазған болатынбыз. 

 

Соңғы жаңалықтар