Қазақстандық Надежда Морозова Норвегиядағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды

АСТАНА. KAZINFORM — Норвегияның Хамар қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогының кезекті кезеңі өтіп жатыр. 

Қазақстандық Надежда Морозова Норвегиядағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды
Фото: ISU

Қазақстандық спортшы Надежда Морозова әйелдер арасындағы 1 500 метрге жүгіруден сәтті өтті. 

Ол аталған қашықтықты 1 минут 54,98 секундта бағындырды. Бұл күміс жүлдені жеңіп алуға жеткілікті болды. 

Алтын жапониялық Мико Такагидің еншісінде кетті. Жарыс жеңімпазы екінші орын алған отандасымыздан 0,03 секунд бұрын келді. Ал, норвегиялық конькиші Рагне Виклунд 1 минут 55,18 секунд көрсеткішпен үздік үштікті түйіндеді. 

Осы бағдарлама түрінде Қазақстан атынан сынға түскен Елизавета Голубева 8-орын алды - 1:56.84.

Хамардағы әлем кубогының кезеңі конькимен жүгіруден Қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу жарыстарының бірі саналатынын айта кеткен жөн.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық биатлоншы әлем кубогы кезеңінде екінші рет із кесу жарысына жолдама алғанын хабарлағанмыз. 

Соңғы жаңалықтар