Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық Rune Eaters Dota 2 турниріндегі ойынын аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM – Dota 2 турнирінде қазақстандық Rune Eaters командасы Қытайдың Team Resilience ұжымына 0:2 есебімен есе жіберіп, жарысты аяқтады. Матчтан кейін команда ойыншысы Әлім Беспаев жеңілістің себебі мен турнирден алған әсері туралы пікір білдірді.

в
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Оның айтуынша, команда үшін ең әсерлі сәттердің бірі LGD.Pinghu командасын жеңген сәті.

а
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

– LGD.Pinghu біз үшін ең мықты қарсыластардың бірі еді. Сол жеңістен кейін бүкіл командада алға ұмтылып, жеңісті жалғастыруға деген үлкен сенім пайда болды. Алайда Yakult Brothers-пен өткен кездесуден кейін жағдай өзгерді. Ол матч бізге психологиялық тұрғыда әсер етіп, кейінгі ойындарға тың күйде шыға алмадық, – деді Әлім Беспаев.

и
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Ол өзінің халықаралық деңгейдегі алғашқы ірі турнирі болғанын айтып, жарыс үлкен тәжірибе сыйлағанын жеткізді. Сонымен қатар ол жеңілістің негізгі себебі ретінде қарсыластың қысымы емес, дайындықтың жеткіліксіз болғанын атап өтті.

а
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

– Команда ішінде қысым болған жоқ, көңіл күй жақсы болды. Бірақ бізге тәртіп пен дайындық жетіспеді. Кейіпкерлерді таңдау мүмкіндігіміз де шектеулі болды. Сондықтан жеңілістің басты себебі осы деп ойлаймын, – деді ойыншы.

Қола жүлде үшін өткен серияда Team Resilience қазақстандық Rune Eaters командасын екі матчтың қорытындысы бойынша 2:0 есебімен жеңіп, үшінші орынды иеленді.

Болашақ ойындары
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Астанада «Болашақ ойындары — 2026» халықаралық турнирі жалғасып жатыр. Байрақты бәсеке аясында Dota 2, Counter-Strike 2, Phygital Shooter, Phygital Basketball және өзге де фиджитал бағыттар бойынша жарыстар өтіп келеді.