Қазақстандық садақшылар Азия кубогына дайындықты бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогының алғашқы кезеңіне дайындықты бастады. 

Қазақстандық садақшылар Азия кубогына дайындықты бастады
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 5-20 ақпан аралығында спортшылар Алматы облысындағы Спорттық даярлық орталығының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Жиынға 30 садақшы қатысады.

Айта кетейік, Азия кубогының алғашқы кезеңі 21-28 наурыз аралығында Бангкокта (Таиланд) өтеді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алғанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар