16:20, 23 Қаңтар 2025 | GMT +5
Қазақстандық семсерлесушілер Болгариядағы турнирде жүлдеге таласады
АСТАНА. KAZINFORM — Болгарияның Пловдив қаласында саблямен семсерлесуден әлем кубогының кезеңі басталды.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 23 қаңтар күні әйелдер арасында, ал 24 қаңтарда ерлер арасында жүлделер сарапқа салынады.
Жарысқа Қазақстан құрамасының атынан Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик, Татьяна Приходько, Наргиз Сайдуллаева, Диляра Исабекова, Алина Оспанова, Қайша Жәнібек, Адема Серікбай, Артем Саркисян, Саттархан Назарбай, Бақдәулет Құралбекұлы, Бексұлтан Әбжал, Артур Чупраков, Қуаныш Ерғашбай, Жанат Нәбиев қатысады.
Еске сала кетейік, бұған дейін бокстан 2025 жылғы әлем кубогының кезеңі Қазақстанда өтетінін хабарлаған едік.