15:14, 23 Мамыр 2025 | GMT +5
Қазақстандық семсерлесушілер Франциядағы әлем кубогының кезеңіне қатысады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан ерлер құрамасы семсер қаруымен айқасудан Сен-Мор (Франция) қаласында өтетін әлем кубогының кезекті кезеңіне қатысады.

Ауқымды турнирде ел намысын 9 спортшы қорғайды. Ұлттық құраманың сапына төмендегі спортшылар енді:
– Эльмир Әлімжанов,
– Никита Жулинский,
– Руслан Курбанов,
– Александр Федотов,
– Кирилл Павлов,
– Богдан Лукин,
– Кирилл Проходов,
– Вадим Шарлаимов,
– Ерлік Сертай.
Халықаралық жарыс 23–25 мамыр аралығында өтеді.
Еске салсақ, бұған дейін бокстан Шри-Ланкада жалғасып жатқан U22 Азия чемпионатының финалына бесінші спортшымыз шыққанын жазған едік.