14:33, 18 Қаңтар 2026 | GMT +5
Қазақстандық шабандоз халқаралық автожарыстың чемпионы атанды
АСТАНА.KAZINFORM — Қазақстандық спортшы Александр Абхазава халқаралық беделді автожарыста жеңімпаз атанды.
Қазақстандық автошабандоз Абу-Дәби қаласында өткен Formula Regional Middle East Trophy бәсекесінде өнер көрсетіп, алғашқы раундта чемпион болды.

Айта кетерлігі, Александр Абхазава «MP Motorsport» командасы сапында жарыс жолына шықты.

Сондай-ақ, Александр өткен жылы Lamborghini Super Trofeo сериясының әлемдік финалында тарихи жеңіске жеткен Artline Kazakhstan автоспорт командасы құрамында қызымет атқарған болатын.