Қазақстандық спортшылар фристайл-акробатика жарысында қола медаль еншіледі

ЯБУЛИ. KAZINFORM – Қазақстандық спортшылар ІХ қысқы Азия ойындарының фристайл-акробатика сынында қола медаль еншіледі.

қола медаль
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Отандастарымыз Ардана Маханова және Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан әйелдер арасында синхронды секіру сынында 59.16 ұпай жинап, үшінші орынан көрінді.

Қытайлық спортшылар алтын және күміс медалды өзара бөлісті.

қола
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Айта кетерлігі, бұл – Қазақстан делегациясының Харбин қысқы Азия ойындарындағы оныншы жүлдесі.

Сонымен қатар Аяна Жолдас қысқы Азиа ойындарының екі дүркін қола жүлдегері атанып отыр. Ол осыған дейін әйелдер арасында фристайл акробатика сынында үшінші болған еді.

Кеше қазақстандық спортшылар аралас командалар арасындағы сайыста күміс еншіледі. 

Соңғы жаңалықтар