Қазақстандық спортшылар қысқы Азия ойындарында бір-біріне қалай жанкүйер болды

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Харбин қаласында IX қысқы Азия ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды olympic.kz.

Харбин
Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы биатлон, керлинг, ски-альпинизм, хоккей, шорт-трек, конькимен жүгіру, шаңғы жарысы, фристайл-акробатика, тау шаңғысы спорты және мәнерлеп сырғанау сияқты спорт түрлерінен сынға түсті.

Ең алғаш болып хоккей және керлинг бойынша жарыстар басталды. Ерлер арасындағы хоккей турнирінің алғашқы матчтары 3 ақпанда өтті. Қазақстан ерлер құрамасын қолдау үшін алғашқылардың бірі болып әйелдер хоккей құрамасының мүшелері келді.

Харбин
Фото: olympic.kz

Матчтар кезінде хоккей аренасындағы жанкүйерлер қатарынан шорт-трекшілерді, керлингтен әйелдер құрамасын және өзге де спортшыларды көрген едік.

Керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ангелина Эбауэрдің айтуынша, олар шорт-трек командасына жанкүйер болып, олардың жеңісіне қуанды.

Харбин
Фото: olympic.kz

Ал конькимен жүгіру жарысында 3000 метр қашықтықта өнер көрсеткен Кристина Шумекованы қолдауға оның әпкелері Инесса мен Алина Шумековалар келді.

Харбин
Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшылардың өзара қолдауын ерекше көрсеткен элементтердің бірі – құраманың арнайы эксклюзивті худи мен свитшоттары болды. Оларға балалардың жылы тілектері мен суреттері бейнеленген.

Харбин
Фото: olympic.kz

Бұл жарқын киім Харбиндегі ойындарда қазақстандық спортшылардың айрықша белгісіне айналды.

«Біз отандық Arqymaq брендімен бірлесіп, спортшыларымызға балалар әзірлеген тілектер мен суреттер бейнеленген свитшоттар мен худилер топтамасын шығардық. Бұл дәстүрге айналған игі іс болды. Бұл жолы әрбір жанкүйер олимпиадалық отбасының бір бөлігі болып, Arqymaq дүкендерінен лимиттелген топтаманы сатып ала алады», – деп мәлімдеді Қазақстан ҰОК өкілдері.

Харбин
Фото: olympic.kz

Еске салайық, IX қысқы Азия ойындары 2025 жылғы 7-14 ақпан аралығында Харбинде өтті. Қазақстан құрамасы жалпы есепте 20 медаль жеңіп алды: 4 алтын, 9 күміс және 7 қола.

Осыған дейін хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болғаны туралы жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар