13:05, 22 Шілде 2024 | GMT +5
Қазақстандық спортшылар Стенд атудан АҚШ-тағы екі турнирде 6 медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тағы Гран-при турнирі мен Perazzi Cup додасында отандастарымыз 6 медаль жеңіп алды.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, қазақстандық спортшылар 2 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдені еншілеген.
Богдан Конченко жасөспірімдер арасындағы Perazzi Cup турнирінде екінші, Анастасия Прилепина үшінші орын алды. Сондай-ақ Конченко Гран-при турнирінде алтын жүлдеге қол жеткізді.
А санатындағы сында Асылхан Айсалбаев алтын алса, В санатында Анастасия Прлепина күміске иелік етті.
Сонымен қатар Наргиза Сарманова қола медаль иеленді.