Қазақстандық суперкомпьютердің қуаты 8 млрд халықтың 4 күндік жұмысына тең
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда жасалып жатқан суперкомпьютердің қуаты қысқа уақыт ішінде өте зор көлемдегі есептеулерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлім етті.

- 8 млрд адам секунд сайын математикалық есептеулер жасап отыратын болса, оларға суперкомпьютердің 1 секундта жеткен нәтижесіне жету үшін 4 күн қажет болады, - деді министр.
Бұған қоса, Мәдиев суперкомпьютер елді цифрландыруда маңызды қадам болатынын жеткізді. Ол жасанды интеллект технологияларын енгізуді жеделдетеді, ғылым және өнеркәсіп секторларын қажетті есептеу ресурстарымен қамтамасыз етіп, Қазақстанның цифрлық тәуелсіздігін арттырады.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты.