Қазақстандық таеквондошы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болды

АСТАНА. KAZINFORM – Фуджейра қаласында (БАӘ) таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақстандық таеквондошы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болды
Фото: Қазақстан таеквондо WT федерациясы

Жарыстың алғашқы күнінде 61 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған қазақстандық Ромашкин Хамзаальпер жеңімпаз атанды. 

Қазақстандық таеквондошы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болды
Фото: Қазақстан таеквондо WT федерациясы

Ромашкин финалда 0:11 есебімен канадалық Никола Самордичқа есе жіберіп тұрып, үшінші раундтың аяқталуына 20 секунд қалғанда, жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп – 17:15.
Ромашкин Хамзаальпер әлем чемпионатының финалына дейін Иордания, Иран, AIN және Тайпей өкілдерімен кездесіп, оларды тізе бүктірді.

Қазақстандық таеквондошы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болды
Фото: Қазақстан таеквондо WT федерациясы

Дүниежүзілік додаға 80 елден 811 жасөспірім таеквондошы қатысып жатыр. Әлем чемпионаты 14 мамырға дейін жалғасады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қытайдағы турнирде таеквондошы Батырхан Төлеуғалидың жартылай финалға шыққанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар