Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, 19 жастағы Соня Жиенбаева жұптық сында Аркейдия (АҚШ) ITF W35 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. 

Соня Жиенбаева
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық спортшы америкалық Саванна Бродуспен бірге әуелі АҚШ өкілі Мая Айенгар — словакиялық Мартина Окалованы қапы қалдырды — 6:4, 6:0.

С.Жиенбаева — С. Бродус ширек финалда жарыстың 4-ракеткалары, америкалықтар Алана Смит — Акаша Урхобомен шеберлік байқасты.

Матч 6:4, 6:4 есебімен қазақстандық-америкалық жұптың пайдасына шешілді. 

Бәсеке 1 сағат 24 минутқа созылды.

Соня Жиенбаева — Саванна Бродус финалға шығу үшін доданың 1-ракеткалары, америкалықтар Эрин Каэтано — Хейли Джаварамен таласады.

Жекелей сында дүниежүзілік рейтингіде 1 018-орында тұрған С. Жиенбаева осы турнирде бастапқы айналымда әлемнің 369-ракеткасы Э.Каэтаноға жол берді — 2:6, 4:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкин үшін Франциядағы жарыстың сәтті басталғанын жазған едік.