17:50, 20 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің келесі айналымына шықты
Қазақстандық, әлемнің 458-ракеткасы Дмитрий Попко жекелей сында Анталия (Түркия) ITF турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Доданың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 1399-орында тұрған аустриялық Ян Кобриескимен шеберлік байқасты.
Д.Попко 6:3, 6:2 есебімен онша қиналмай, жеңіске жетті.
Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін рейтингте 1523-сатыдағы аргентиналық Эсекиль Монферрермен таласады. Қазақстандық теннисші сондай-ақ жұптық сында да жарысты жалғастырады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Түркиядағы турнирдің ширек финалына өткенін жазған едік.
Сондай-ақ Аустралия ашық чемпионатына 11 қазақстандық теннисші қатысады.