Қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, 17 жастағы Соня Жиенбаева жұптық сында Анталия (Түркия) ITF турнирінің жартылай финалына шықты.

Соня Жиенбаева Қазақстан азаматтығын алды
Фото: Қазақстан теннис федерациясынан

С.Жиенбаева мажарстандық Амарисса Киара Тотпен бірге екі кездесуін жеңіспен тәмамдады.
Қазақстандық-мажарстандық жұп алдымен швейцариялық Фиона Ганц – Алина Гранверді 6:2, 7:5 есебімен тізе бүктірді.

Содан кейін марокколық Ая Эль-Ауни – украиналық Дарья Есыпчукті тартысты матчта жолдан тайдырды – 7:5, 4:6, 11:9.

Қазақстандық-мажарстандық дуэт финалға шығу үшін жапониялықтар Маюка Айкава – Фуна Козакимен таласады.

С.Жиенбаева осы жарыста жекелей сында алғашқы айналымда түркиялық Илай Йорукті аса тартысты бәсекеде 6:3, 6:7 (8:10), 6:2 есебімен жеңген еді. Алайда екінші айналымда М.Айкаваға 2:6, 4:6 есебімен жол беріп, ширек финалға шыға алмай қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Соня Жиенбаеваның Қазақстан азаматтығын алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Монпелье турнирінің ширек финалында қос қазақстандық теннисші кездеседі.

Соңғы жаңалықтар