03:44, 22 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Қазақстандық теннисші Түркиядағы жарыстың жартылай финалына шықты
Қазақстандық Дмитрий Попко жұптық сында Анталия (Түркия) ITF ширек финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші молдовалық Илья Снитаримен бірге ширек финалда аустриялық Ян Кобриески – италиялық Федерико Валлемен шеберлік таластырды.
Қазақстандық-молдовалық дуэт 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Дмитрий Попко – Илья Снитари финалға шығу үшін доданың 4-ракеткалары, ресейліктер Дани Голубев – Евгений Тюрневпен таласады.
Қазақстандық спортшы жекелей сында да табысты өнер көрсетуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың Түркиядағы турнирдің ширек финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.