Қазақстандық теннисші Жания Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT турнирінде қола медаль алды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық спортшы Жания Бекмұхамбетова Бангкокте өткен үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Kazinform ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының өкілі жарыстың U13 жас санатында өнер көрсетті.
Бекмұхамбетова турнир барысында төрт жеңіске жетті. Ол Таиланд өкілдері Амина Прасонполды 3:1, Беньяфа Сураситті 3:0 және Наттхапат Лимсирилертті 3:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ Жапония спортшысы Нонока Сузукиден 3:0 есебімен басым түсті.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы Қытай Тайбэйінің өкілі Йен Пэй Эньмен кездесіп, 0:3 есебімен жеңілді.
Осылайша Жания Бекмұхамбетова турнирде үшінші орын алып, қола медаль иеленді.
Айта кетейік, Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Хорватиядағы турнирде екінші орын алды.
Ал Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды.