Қазақстандық теннисшілердің Аустралиядағы турнирден кейін рейтингідегі орны жақсарды
АСТАНА. KAZINFORM – Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті.
Қазақстандық теннисші екінші сатыдағы Польша өкілі Ига Швентекке (7 978 ұпай) жақындай түсті.
Аустралия чемпионатының финалында Е.Рыбакинадан жеңіліс тапқан әлемнің 1-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенконың есебінде 10 990 ұпай бар.
Алғаш рет Аустралия біріншілігінің төртінші айналымына дейін жеткен Юлия Путинцева 94-тен 70-сатыға шықты.
Сондай-ақ осы турнирде бақ сынаған Зарина Дияс 290-нан 282-ге жайғасты.
Аустралия додасының финалисі Анна Данилина жұптық сында 14-тен 11-ге жоғарылады.
Ерлер арасында ATP рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 3 065 ұпаймен 10-орнын сақтап қалды. Ол 9-сатыдағы америкалық Тейлор Фрицке (3 840 ұпай) жақын тұр.
Александр Шевченко ТОП-100-ге қайта оралып, 97-ге (+7) орнықты.
Тимофей Скатов та көрсеткішін жақсартты. Ол қазір 183-орында (+12).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Карлос Алькарастың барлық «Үлкен дулыға» турнирін ұтқан ең жас теннисші атанғанын жазған едік.