Қазақстандық теннисшілер Лондондағы әлем чемпионатында Моңғолия мен Мысырды жеңді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан командалық әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр. 

Қазақстандық теннисшілер Лондондағы әлем чемпионатында Моңғолия мен Мысырды жеңді
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, турнирдің топтық кезеңінде қазақстандық командалар екі жеңіске қол жеткізді. 

Әйелдер құрамасының нәтижелері:

Қазақстан – Моңғолия 3:0

Зәуреш Ақашева – Буренджаргал Санджаа 3:0

Сарвиноз Миркадирова – Болор-Эрдэнэ Батмөнх 3:1

Әнел Бақыт – Эгшиглен Бат-Эрдэнэ 3:0

Ерлер құрамасының нәтижелері:

Қазақстан – Мысыр 3:2

Кирилл Герасименко – Омар Ассар 3:0

Алан Құрманғалиев – Мохамед Эльбеали 3:1

Ескендір Харки – Юсеф Абделазиз 0:3

Алан Құрманғалиев – Омар Ассар 2:3

Кирилл Герасименко – Мохамед Эльбеали 3:1

30 сәуір күні ерлер құрамасы Таиланд командасымен кездеседі. Матч Астана уақытымен 23:30-да басталады. Әйелдер құрамасы Чехия командасымен 21:00-де ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын Қазақстанның ерлер құрамасы Түркияны жеңсе, әйелдер құрамасы Бразилияға есе жіберген болатын.