Қазақстандық зауыт Louis Vuitton және Gucci брендіне тоқыма өнімдерін жеткізеді

АСТАНА. KAZINFORM — Түркістан облысында салынуы жоспарланған мақта-тоқыма кластерінің өнімдері люкс бренд өндірушілеріне жеткізілмек. Бұл туралы Kazinform агенттігінің ҚР Сыртқы істер министрлігіне жолдаған ресми сауал жауабында айтылған.

Казахстанский завод будет поставлять продукцию для Louis Vuitton и Gucci
Коллаж: Kazinform

Әлемдік брендтердің Қазақстанға келуі — шетелдік инвесторлармен жұмыс істейтін уәкілетті органдардың, атап айтқанда Сыртқы істер министрлігі мен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының басым бағыттарының бірі.

— Дегенмен, жұмыстың бірінші міндеті — өндіріске инвестиция тарту және жаңа қуат құру, оның ішінде брендтік өнім шығаратын кәсіпорындарды іске қосу және болашақта олардың сауда өкілдіктері мен орталықтарын елімізде ашу, — деп атап өтті ведомстводан.

Сыртқы істер министрлігі сән индустриясы саласына бағытталған Түркістан облысында мақта-тоқыма кластерін салу бойынша Қытайдың Lihua компаниясымен жасалған келісімді атады.

— Жоспарға сәйкес, оның өнімдері Louis Vuitton және Gucci секілді люкс бренд өндірушілеріне де жеткізіледі. Бұл Қазақстанның біртіндеп жаһандық өндірістік-сауда тізбегінің бір бөлігіне айналып келе жатқанының айқын көрінісі. Әлемдік өндірушілердің Қазақстан нарығына деген қызығушылығы артып келеді, — делінген ресми жауапта.

Жобаның мақсаты — мақтаны өсіруден бастап, дайын тоқыма өнімін (жіп, мата, киім және т. б.) шығаруға дейінгі толық циклді қамтитын мақта агроөнеркәсіптік кешенін қалыптастыру.

Егіс алқаптарына 50 мың гектардан астам жер бөлінді. 10 зауыт салу жоспарланған, оның төртеуі егіс алқаптардың маңында мақтаны өңдеуге, екеуі заманауи су үнемдеу технологиясын қолданатын тамшылап суару жүйесін дамытуға және төртеуі тоқыма өндірісіне, соның ішінде тігін және бояу-безендіру фабрикасына арналған.

Жыл басында Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Қазақстан нарығына көптеген әлемдік бренд келіп жатқанын айтқан еді. 

Соңғы жаңалықтар