17:47, 14 Қазан 2024 | GMT +5
Қазақстандық жартасқа өрмелеушілер Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді
АСТАНА. KAZINFORM - Тайань (Қытай) қаласында бүгінде спорттық жартасқа өрмелеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді.

Турнир аясында Қазақстанның екі спортшысы жеңіс тұғырынан көрінді. Отандық жартасқа өрмелеушілер «жылдамдық» пәні бойынша екі күміс жүлдеге ие болды.
Олар – Әмір Маймұратов пен Тамара Ұлжабаева.
Финалда Әмір қытайлық Пэну Вуден жеңілсе, Ұлжабаева Шисюэ Мэнге (Қытай) есе жіберді.
Бұған дейін Әмір Маймұратов құзға өрмелеуден Сеулдегі әлем кубогында 2-орын алғанын жазған болатынбыз.