Қазақстандық жас теннисші Өзбекстандағы жарыстың чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Өзбекстанның Ферғана қаласында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ITF J60 турнирі мәресіне жетті. 

Арсений Требухин
Фото: ҚР ҚТФ

Аталған жарыста Арсений Требухин жекелей сында чемпион атанды.

Қазақстандық спортшы финалда ресейлік Рафаэль Асадуллинді 7:5, 6:3 есебімен жеңді.

Жұптық сында Артем Сидоров ресейлік Милан Таупенетцпен бірге ресейліктер Павел Скворцов – Даниил Ткаченкодан айласын асырды – 6:7, 7:5, 10:7.

Қыздар арасында қазақстандықтар Аружан Нұранбай – Сәтима Төреген финалда ресейліктер Мария Маслиакова – София Ведерниковадан басым түсті – 6:3, 7:5.

Тиранада (Албания) 12 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe жарысы аяқталды. Қазақстандықтар Әмір Айтбаев – Сұлтан Бақыткерейұлы финалда Хеди Ксури (Тунис) – Матия Родижовичті (Сербия) қапы қалдырды– 6:4, 7:5. Әмір жекелей сында финалға дейін жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың Қазақстанның үшінші ракеткасы атанғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар