Қазақстандық жас теннисшілер екі турнирде жеңімпаз атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандықтар Дамир Жалғасбай, Сәтима Төреген және Анастасия Крымкова жұптық сында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors турнирлерінде үздік шықты.

Қазақстандық жас теннисшілер екі турнирде жеңімпаз атанды
Фото: ktf.kz

Д.Жалғасбай Барселонада (Испания) J100 жарысында жеңімпаз атанды. Қазақстандық теннисші франциялық Николь Робермен бірге финалда украиналық Максим Колобишко – испаниялық Ноа Лопезді 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Жекелей сында Дамир финалға дейін жетіп, шешуші бәсекеде испаниялық Тито Чавеске жол берді – 4:6, 1:6.

Өткен аптада Д.Жалғасбай Польшада J100 додасында озып шығып, соның нәтижесінде жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде ТОП-200-ге кірді. Өзбекстанның Ферғана қаласында ITF Juniors J100 турнирі аяқталды. Қыздар арасында Сәтима Төреген мен Анастасия Крымкова чемпион болды. Қазақстандықтар финалда ресейліктер Алена Харченко – Кира Плишвитчеваны айқын басымдылықпен ұтты – 6:3, 6:1.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Мексикада финалға бір қадам жетпей тоқтағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ бүгін теннистен АҚШ ашық чемпионаты басталады.

Соңғы жаңалықтар