Қазақстандық жасөспірім теннисшілер Сербиядағы жарыста үздік шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисшілер 12 және 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe жарыстарында табысты өнер көрсетті.

ҚТФ
Фото: ҚТФ

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Сырымжан Барлықов Сербиядағы турнирде 12 жасқа дейінгілер арасында жекелей сында финалға дейін жетіп, корт иесі Никола Йотичке қана есе жіберді – 1:6, 2:6.

С.Барлықов тағы бір қазақстандық Эмир Айтбаевпен бірге жұптық сында соңғы бәсекеде болгариялықтар Владимир Стойменов – Даниель Васевті 6:2, 6:4 есебімен ұтып, чемпион атанды.

Германияның Аугсбург қаласында Аңсар Ниетқалиев финалда ғана германиялық Лоренцо Руннерге жол берді – 2:6, 2:6.

Аустрияда Мариям Нұржан ресейлік Дарья Беляковамен бірге шешуші матчта аустриялықтар Юлия Эхренбергер – Мия Ньюмюллерден 1:6, 4:6 есебімен ұтылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Новак Джоковичтің Олимпиада ойындарының чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар