Қазақстандықтар әлі де коронавирус жұқтырып жатыр
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі коронавирус індетінің таралуына қатысты соңғы деректермен бөлісті, деп хабарлайды Кazinform.
«COVID-19 инфекциясы таралуының тоқтағанына қарамастан, біз елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізуді жалғастырудамыз. Өткен жылы желтоқсанда 43 елде аталған вирустың таралуы өсті, ал 36 елде төмендеу байқалады. Елімізде коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өткен жылдың екінші жартыжылдығында ай сайын 100-ден 400-ге дейін жағдай тіркелді. Бұл коронавирус инфекциясы жыл бойы таралады деген сөз», - деді Ажар Ғиният Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде.
Министр келтірген деректер бойынша өткен жылы республикада COVID-19-ның 12 121 қазақстандық аталған дерттен емделген.
Оның айтуынша, халықтың осал топтарын қайта вакциналау шарасы жүріп жатыр.