Қазақстандықтар қандай жағдайда бірнеше жерде жұмыс істей алады
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтар қандай жағдайда бірнеше жерде жұмыс істей алатынын айтты, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Министрдің айтуынша, елде бірнеше жерде еңбек етуге рұқсат етілген, алайда белгілі бір шектеулер бар.
– Тек екі жерде ғана емес, төрт жерде де жұмыс істеуге болады. Ең басты талап – тәуліктік жалпы жұмыс уақыты 12 сағаттан аспауы тиіс. Мысалы, негізгі жұмыс уақыты 6 сағат болатын медбикелер немесе дәрігерлер екі жерде жұмыс істей алады. Айталық, клинингтік компания қызметкерлерінің де бірнеше қызметті қатар алып жүруге мүмкіндігі бар. Мысалы, адам бір нысанды 4 сағатта тазалап үлгерсе, ол үш жерде еңбек ете алады. Бірақ Еңбек Кодексіне сәйкес, тәуліктік жалпы жұмыс уақыты 12 сағаттан аспауы керек, – деді министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін дәл осы мәселене қатысты заңгер пікір білдірген еді.