Қазақстандықтар көбінде қай мерекеде жарақат алады

АСТАНА. KAZINFORM — Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған баспасөз-тур аясында БАҚ өкілдерімен кездескен Н.Ж.Бәтпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия орталығы директорының орынбасары Арман Бәтпен елдегі жарақат ең көп тіркелетін мамандықтарды атады.

дәрігерлер
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

БАҚ өкілдері тұрғындар ең көп жарақат алатын мейрамдардың алғашқы үштігін сұраған.

«Жарақат ең көп тіркелетін мейрамдардың көшін Жаңа жыл бастап тұр. Одан кейін 8 наурыз мерекесі. Үшінші орында Наурыз мерекесінің демалыс күндері мен мамыр айындағы мейрамдар тұр деуге болады. Біз әр мейрамның нақты статистикасын бере алмаймыз. Өйткені біз ондай статистика жүргізбейміз», — деді маман.

бәтпен дәрігер
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Сондай-ақ, ол елде ең көп жарақат тіркелетін мамандықтардың алғашқы бестігін атады.

«Біріншісі — құрылысшы мамандығы. Одан кейін жүргізушілер көп жарақат алады. Үшінші орында шахтерлер болса, төртінші орында полиция қызметкерлері жиі түседі. Бесінші — әртүрлі қара жұмыс істейтін азаматтар», — деді Арман Бәтпен.

 

Соңғы жаңалықтар