Қазақстандықтар Naqty Onim қосымшасы арқылы дәрі қымбаттығына шағым түсіре алады

АСТАНА. KAZINFORM — Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Мұратов Үкімет отырысында дәрі-дәрмектің мемлекет бекіткен бағасын қайдан көруге болатынын айтты. 

Дәріхана
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

— «Қазақтелеком» компаниясымен бірлесіп Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы дәрілік заттардың шекті бөлшек бағаларын көрсететін функционалы енгізілді.

Енді, дәрі-дәрмектерді сату ережелері бұзылған жағдайда аталған мобильді қосымша арқылы министрлікке шағым түсіре алады, — деді ол.

Тимур Мұратовтың сөзіне қарағанда, кейінгі 5 жылда амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінетін қаржы 48% өсіп, 115 млрд-тан 262 млрд теңгеге дейін жеткен.

— Бірқатар созылмалы аурулар тегін мемлекетпен кепілдендірілген көмек көлемі пакетінен МӘМС пакетіне көшкеніне қарамастан, қаржыландыру көлемі өзгеріссіз қалады.

Қант диабеті, ревматоидты артрит, балалардың сал ауруы (ДЦП) және басқа созылмалы аурулары бар науқастар қажетті дәрілерді толық көлемде ала береді, — деді ол.

Айта кетейік, бүгін Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жайын талқылап жатыр

Соңғы жаңалықтар