Қазақстандықтар Наурыз мейрамында неше күн демалады

АСТАНА. KAZINFORM — Наурыз мерекесі — әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы тойланып келеді. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді. Ұлыстың ұлы күнін қазақ жұрты жыл сайын бірнеше күн бойы думандатып атап өтеді. 

Қазақстандықтар Наурыз мейрамында неше күн демалады
Фото: Астана әкімдігі

Биыл 21 және 22 наурыз сенбі мен жексенбі күндеріне дөп түсті. Осыған байланысты демалыс күндері келесі аптаға ауыстырылады.

  • бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қатарынан 5 күн демалады: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі);
  • ал алты күндік жұмыс аптасында – 4 күн қатарынан демалыс: 21, 22, 23 және 24 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі).

Айта кетейік, Астанада Наурыз мерекесіне орай 200-ден астам іс-шара өтеді.

Ал мереке қарсаңында қосымша пойыздар қатынаса, әуе компаниялар 160 қосымша рейс орындайтыны хабарланды.