Қазақстандықтар сұлулық қызметтеріне 127,3 млрд теңге жұмсаған
АСТАНА. KAZINFORM — Өткен жылы сұлулық саласында 127,3 млрд теңгенің қызметі көрсетілді.
Өткен жылы елде сұлулық саласында көрсетілген қызметтердің көлемі 127,3 млрд теңге болды. Оның ең үлкен үлесі шаштараз қызметтеріне тиесілі — 67,5 млрд теңге. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға артық.
Маникюр мен педикюрді қоса алғанда, косметикалық қызметтердің көлемі 7,5 млрд теңге.
Сұлулық салондары көрсететін өзге де қызметтердің көлемі 52,3 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде адамның өңделмеген шашына қатысты қызметтер де бар.
Сұлулық саласының дамуы қалалармен қатар ауылдық жерлерде де байқалады. 2025 жылы ауылдардағы шаштараз қызметтерінің көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 4,2%-ға өсіп, 34,3 млрд теңгеге жетті.
Сонымен қатар, ауылдық жерлерде сұлулық салондарының өзге де қызметтерінің көлемі 1,9 млрд теңге, ал косметологиялық қызметтердің көлемі 814,9 млн теңге болды.
Айта кетелік қыздар «сұлулыққа» қанша ақша жұмсайтыны туралы жазған едік.