Қазақстандықтарды Грузияға кіргізбей жатыр ма – СІМ жауабы

АСТАНА. KAZINFORM –  ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Грузияға кіргізбей, бас тартып жатқан жайтқа қатысты түсінік берді.

МИД РК ҚР СІМ
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

- Әрбір елдің өз аумағына шетел азаматтарының кіруін шектеуге құқығы бар, дәл сол сияқты Қазақстан да шетел азаматтарына қатысты мұндай шектеулер енгізе алады. Біз Грузиямен тығыз байланыстамыз. Бұл мәселе көтерілгеннен кейін бірден Грузияға кіре алмай жатқан қазақстандық азаматтарға бас тарту жағдайы азайды, - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Мәжіліс қабырғасында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Бірнеше күн бұрын еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарының Грузиядан депортациялануына қатысты жағдайға алаңдаушылық танытып, аталған жайтқа түсінік берген еді. 

Артынша Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді. 

Айта кетейік, Қазақстан Грузияға туристері жиі сапарлайтын үздік 10 елдің қатарына кірді. 

Соңғы жаңалықтар