Қазақстандықтарға аптап ыстық, найзағай және шаңды дауылға байланысты ескерту жасалды
АСТАНА. KAZINFORM — 12 шілде күні Қазақстанның 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Астанада күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы +35…+37°C-қа дейін көтеріледі.
Атырау облысының батысы мен солтүстігінде түнде аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстікте тұман түсуі мүмкін. Күндіз желдің жылдамдығы 15–18 м/с-қа жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да күндіз жел 15–18 м/с-қа дейін күшейеді.
Алматы облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай болжанады. Оңтүстікте және тауда желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Іле Алатауының тауларында да өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Қызылорда облысының шығысы мен орталығында күндіз шаңды дауыл көтеріледі. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыс бойынша жоғары, ал орталық пен оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да шаңды дауыл соғып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте күндіз жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары, ал батыс, солтүстік, оңтүстік және орталық бөліктерде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да шаңды дауыл күтіледі.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі, түнде солтүстікте кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. 12–15 шілде күндері күндіз ауа температурасы +35…+38°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында түнде жаңбыр мен найзағай, ал күндіз +35°C-қа дейін ыстық болады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының шығысында жоғары, солтүстігі мен батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстігі мен орталығында жел 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстік-шығыс пен орталықта, сондай-ақ солтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда да тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз жел 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, екпіні 23 м/с-қа жетеді. Солтүстік пен оңтүстікте жоғары, солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс және орталықта төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде де жел күшейеді.
Абай облысында күндіз желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстік-батыс пен орталықта жоғары, солтүстік пен оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Павлодар облысының батысы мен шығысында жоғары, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ, солтүстігінде аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында да жаңбыр мен найзағай болжанады.
Ақтөбе облысының солтүстік-батысында түнде, ал солтүстігі, батысы және орталығында күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15–18 м/с-қа жетеді. Оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде де жаңбыр мен найзағай болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Облыстың шығысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді, Алакөл көлдері маңында екпіні 23–28 м/с-қа жетеді. Батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда да жоғары өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Түнде және таңертең батыста тұман түсуі мүмкін. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Петропавлда да жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша жоғары, ал батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Осыған дейін ШҚО-да шілдеде аптап ыстық пен жаңбыр жиі алмасып тұратынын жазғанбыз.