Қазақстандықтарға терроризмге қарсы оқу-жаттығулар ұйымдастырылатыны ескертілді

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығы «Найза-Антитеррор-2026» терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізіп жатыр. 5 маусымда бастау алған шара 30 маусымға дейін жалғасады. Бұл туралы орталықтың ресми сайтында жарияланды.

Қазақстандықтарға терроризмге қарсы оқу-жаттығулар ұйымдастырылатыны ескертілді
Фото: Александр Павский / Kazinform

— Азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу-жаттығуға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жекеленген аудандарда автокөлік қозғалысын уақытша шектеу көзделген. Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратты басшылыққа алып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеулеріңізді сұраймыз, — делінген ақпаратта.

Еске сала кетейік, сәуір айында Түркияда антитеррорлық іс-шаралар өтіп, онда 90 адам ұсталған болатын.