Қазақстандық альпинистер командасы әлемде бірінші болып «Ғаламшардың 14 биік шыңы» бағдарламасын орындады

АЛМАТЫ. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат - Қазақстандық альпинистер командасы әлемде бірінші болып «Ғаламшардың 14 биік шыңы» бағдарламасын орындады. Атап айтқанда, мамырдың 16-сында біздің альпинистер әлемнің тағы бір шыңын - биіктігі 8515 метрлік Лхоцзе шыңын бағындырды, енді олар рекордқа таласа алады.

Қазақстандық альпинистер  командасы әлемде  бірінші   болып «Ғаламшардың   14    биік  шыңы»  бағдарламасын   орындады

ҚазАқпаратқа бұл туралы «K2 communications» Стратегиялық коммуникациялар агенттігінен хабарлады.

Аталған күні Лхоцзе шыңында Қазақстанның көк туы тағы бір рет көтерілді. Даңқты спортшы, әлем альпинистерінің арасындағы ең беделді «Алтын мұзшапқышы» наградасының үш дүркін иегері Денис Урубко оңтүстік жақтан, жаңа бағыттан көтеріліп, Лхоцзе шыңын бағындырды. Әлемнің небір сайыпқыран альпинистері 50 жыл бойы арман етіп келе жатқан бұл бағытты Денис бастапқыда итальяндық Симоне Моромен бірге бағындырмақ болған еді. Бірақ, техникалық себептермен оның серіктесі жарты жолда қалып қойды. Денис өз арманын жалғыз орындады.