Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық Алексей Луценко «Хайнань туры» велокөпкүндігінде жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстігінде дәстүрлі велокөпкүндігі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық Алексей Луценко «Хайнань туры» велокөпкүндігінде жеңіске жетті

Велошабандоздар «Хайнань турының» тоғызыншы кезеңінің соңғы шақырымдарын бағындырды. Онда «Team Giant-Alpecin» өкілі - неміс спортшысы Макс Уолшайт жеңіске жетті.

Соңғы кезеңде «Астана» велоспортшысы Алексей Луценко мәре сызығын негізгі пелотонда кесіп өтіп, сары жейдені өзінде сақтап қалды және жарыстың бас классификациясының жеңімпазы атанды.  Оның уақыты 35:16:41 құрады.