Қазақстандық Әли Ахмедов әлемде 25 жасқа дейінгі үздік бокшылар рейтингіне кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың бокс туралы жазатын Standingeightcount.com сайты (pound-for-pound) әлемде 25 жасқа дейінгі үздік 25 боксшының рейтингін жариялады. Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой боксының «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасаған ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Қазақстандық Әли Ахмедов әлемде 25 жасқа дейінгі үздік бокшылар рейтингіне кірді

Хабарламада атап өтілгендей, рейтингтің 24-ші сатысында WBC нұсқасы бойынша жастар арасында бірінші ауыр салмақта әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтің (13-0, 10КО) есімі тұр.

«Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов - әлі күнге дейін бокстың үлкен құпияларының бірі. Оның АҚШ-қа көшуі 2019 жылы осыны өзгертуі тиіс», - деп атап өтілген материалда.  

Рейтингтің бірінші үштігіне жапондық Наоя Иноуэ (17-0, 15КО), Америка боксшысы Джервонта Дэвис (20-0, 19КО) және Күншығыс елінің тағы бір өкілі - Косеи Танака (12-0, 7КО) кірген.

Авторы: Серік Сабеков