Қазақстандық Әлихан Қаранеев бильярд спорты бойынша әлем чемпионатында жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Әлихан Қаранеев 2016 жылғы «Еркін пирамида» бильярд спорты бойынша әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Қазақстанның бильярд спорты федерациясы хабарлады.
None
None

Сонымен, Қазанда «Еркін пирамида» бильярд спорты бойынша өткен әлем чемпионаты Қазақстан үшін тамаша жетестікпен аяқталды. Жарысқа әлемнің 18 елінен өз елдері бойынша өзін мықты көрсеткен спортшылар қатысты. Біздің құрама көшбасшысы, Алматыдан спортшы Әлихан Қаранеев финалда 7.6 есебімен Украина өкілі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Артур Пивченконы ұтты.

Жарыс жолында Әлихан Қаранеев Владислав Осьмининді (Ресей), Ярослав Тарновецкийді (Украина), Никита Ливаданы (Ресей), Сергей Крыжановскийді (Молдова) жеңді. Қазір Әлиханның қанжығасында жеке есепте Әлем чемпионатында екі, командалық есепте әлем чемпионатының бір жүлдесі бар.

Соңғы жаңалықтар