Қазақстандық әскери теңізшілер жыл қорытындысын шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда 29011 әскери бөлімінің базасында ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштеріндегі оқу жылының қорытындысын шығаруға арналған іс-шаралар өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Жиынға Әскери-теңіз күштері әскери бөлімдері мен кемелерінің басшылық құрамы тартылды. Төрт оқу тобына бөлінген жиынға қатысушылармен оқу-әдістемелік жиынның жоспары бойынша сабақтар өткізілді. Сондай-ақ осы іс-шараның аясында спорттық сайыстар болып, көркемөнерпаздардың концерті қойылды.

«Тәжірибе алмасу - осындай оқу-жаттығу жиындарының негізгі масаты. Осындай іс-шараға қатысатын әрбір әскери қызметші әрі қарай оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау жөніндегі тәжірибесін шыңдауға көмектесетін теориялық білімдерін арттырады», - деп Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов атап өтті.

Бұдан басқа Ж.Жанзақов хабарлағандай келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚК Әскери-теңіз күштерінде жаңа жұмыс істеу принципі енгізілетін болады: «Әскери қызметшілер айына екі рет (жұма күндері) түстен кейін заңды негізде жеке мәселелерін шешуге босатылады. Сәйкесінше жұмыс уақыты қысқарады, бірақ жұмыс көлемі бұрынғы болып қалады. Осыны түсінген әскери қызметшілер, басшылықтың бағыныстыларына қолдау көрсетіп отырғанын сезінеді және олар еркін демалу үшін алдарына қойылған міндетті тезірек орындауға тырысатын болады».

Сонымен қатар контр-адмирал Ж.Жанзақов ҚР ҚК ӘТК кемелеріне арналған жаңа теңіз тұрағынның құрылысы туралы әңгімелеп берді. «Қазіргі порттың солтүстік-шығыс жағынан 22 гектар аумақта жаңа порт салу көзделген. 2015 жылы жобалау-сметалық құжаттар, ал 2016 жылы құрылыстың өзі аяқталатын болады».

Жыл қорытындысын шығарған Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықтың үздіктеріне бағалы сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ Қарулы Күштер түрінің қолбасшылығы әскери қызметшілермен және олардың отбасы мүшелерімен олардың жеке мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Іс-шаралар ҚР ҚК ӘТК Әскери кеңесінің отырысымен аяқталып, онда бөлімдер мен бөлімшелердің жоғары жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету және жеке құрамның дағдысын жетілдіру жөніндегі міндеттері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар