«Қазақстандық әйел-2010» тележобасына батысқазақстандық белгілі ақын А.Бақтыгереева қатысуда
ОРАЛ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Қазақстандық әйел-2010» тележобасына отыз үздік әйелдің арасында батысқазақстандық белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева қатысуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
А.Бақтыгереева - Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрайымы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, көптеген кітаптардың авторы.
«Хабар» мен «Ел арнада» бір ай бойы жарнамалық роликтер көрсетіліп, сайыс наурыздың 8-інде қорытындыланбақ. Өткен жылы дауыс беруге 200 мың қазақстандық қатысып, дәрігер-гинеколог Нина Қаюпова жеңімпаз атанған болатын.