Қазақстандық бақылаушылар тобы Түркиядағы Парламент сайлауына қатысуда (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Түркі академиясы делегациясы мен Түркі Кеңесі өкілдерінен құралған бақылаушылар тобы бүгін Түркияда өтіп жатқан Парламент сайлауына қатысуда.
Бұл туралы Facebook ұйымның әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланған. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркияда бүгін Парламент сайлауы өтуде. Жергілікті уақыт бойынша сағат 8:00-де басталған сайлау кешкі 17:00-ге дейін жалғасады.