Қазақстандық бірегей сөмкелер - Цюрихте

МАГДЕБУРГ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ - Немістің www.wikio.de ақпараттық блогына сілтеме жасап ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, Цюрихте қазақстандық суретші Айжан Тұрбаеваның жұмыстарының көрме-жәрмеңкесі ашылады.
None
None
Экзотика әуесқойлары Цюрихтегі «Анара» галереясына келіп, алматылық 27 жастағы шебер гобеленнен жасаған ұлттық стильдегі бірегей сөмкелерді тамашалай алады және сатып ала алады. Айжан осыдан екі жыл бұрын гобелен (сөмке жасаумен айналыса бастаған. Бұл өте ұзақ үдеріс көрінеді. Алдымен гобеленнің өзін тоқу керек, содан кейін бұйымның детальдары өлшеніп-пішіліп, астар салынып, сөмке тігіледі. Әрбір бұйым бір ғана данамен тігіледі және оған түпнұсқалықты растайтын сертификат қоса беріледі. Бір ғана гобеленді дайындауға шебердің 2 айдай уақыты кетеді екен.
Соңғы жаңалықтар