Қазақстандық бизнес электрондық мемлекеттік сатып алу үдерісіне белсенді араласа бастады
АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат - www.goszakup.gov.kz порталында орналастырылған ақпараттарға сәйкес, қазақстандық бизнес мемлекеттік сатып алу үдерісіне белсене араласа бастағандығын көрсетеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биылғы жылғы мамырдың 17-дегі жағдай бойынша, порталда мемлекеттік сатып алуға қатысуға ниет білдірген 61 374 субъект тіркелген. Солардың ішінде тапсырыс берушілердің саны - 20 725.
«Мемлекеттік сатып алу» сайтына 2008 жылы 500 жеткізуші компаниялар тіркелген болса, 2009 жылы олардың саны қарқынды түрде өсіп, шамамен 14 мыңға таяп қалды. Ал 2010 жылдың алғашқы айларында жеткізуші компаниялар саны 30 мыңға жетті.
Электрондық алаңда мемлекеттік сатып алуға қатысты барлығы 2 046 943 лот жарияланған.