09:17, 05 Сәуір 2021 | GMT +5
Қазақстандық боксшы 70 секундтық жекпе-жек үшін қанша гонорар алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық сарапшы Айдар Махметов Тұрсынбай Құлахметтің венесуэлалық Эбер Рондонмен өткізген жекпе-жегі үшін қанша гонорар алғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
![None None](/static/img/plug.webp)
«Боксшы Тұрсынбай Құлахмет кәсіби шаршы алаңдағы үшінші жекпе-жегі үшін 210 000 доллар алды. 70 секундқа жақсы табыс!», - деп жазды Махметов өзінің MakhmetovSport телеграм-каналында.
Еске сала кетейік, Тұрсынбай Құлахмет өзінің қарсыласы Эбер Рондонды бар болғаны 70 секундта нокаутқа жіберген. Бұл жеңіс 27 жасар боксшының WBC International бойынша бірінші орта салмақта чемпион белдігін қорғап қалды .