03:31, 16 Шілде 2017 | GMT +5
Қазақстандық боксшы BoxRec рейтингісінде бірден 307 позицияға көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (3-0, 2 КО) америкалық Лэнни Дардарды (5-8-2, 3 КО) жеңгеннен кейін беделді BoxRec.com сайтының рейтингісінде жоғарлады, деп хабарлайды Sports.kz.

Аталған жеңіске дейін 23 жастағы спортшы рейтингте 463-шы орында болса, амарикалық қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңгеннен кейін бірден 307 позицияға жоғарлап, 156-шы орынға табан тіреді.
Еске салсақ, Мейірім Нұрсұлтанов ағымдағы жылдың сәуір айында Анкасвиллде (АҚШ, Коннектикут штаты) мексикалық Хавьер Ольверамен айқасып, кәсіби рингтегі алғашқы нокаутына қол жеткізген болатын. Алты раундтық форматта өткен жарыс екінші раундта 1.15 ұпаймен Нұрсұлтанның орындауындағы техникалық нокаутпен аяқталды. Ольвера өз мансабында алғаш ретжеңіліс тапты.