Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық боксшы Ешенов кәсіби ринигте жеңіліс тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Саутгемптонтегі (Англия) бокс кездесуі шеңберінде Қазақстан боксшысы Ернар Ешенов (5-0, 4 КО) WBC Youth Silver белбеуі үшін шотландиялық Майкл Макгуркпен (8-0, 2 КО) қолғап түйістірді, деп жазады Sports.kz сайты.

Қазақстандық боксшы Ешенов кәсіби ринигте жеңіліс тапты

Төрешілер алтыншы раундта Макгурктың қабағының жарылуып кетуіне байланысты жарысты мерзімінен бұрын тоқтатып, жеңісті шотландиялыққа берді. Бұл Ешеновтың кәсіби мансаптағы алғашқы жеңілісі.

Еске сала кетейік, Ешенов осы дивизионда WBC Youth Intercontinental титулының иегері болатын.