Қазақстандық боксшы Головкин IBF чемпионы титулына ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс федерациясы (IBF) нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін күресте қарағандылық Геннадий Головкин канадалық боксшы Давид Лемьеден басым түсті.
None
None

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Давид Лемьені жеңіп, канадалықтың Халықаралық бокс федерациясы (IBF) нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына ие болды.

Нью-Йоркте өткен жекпе-жекте қарағандылық боксшы қарсыласын сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

WBA (Super), IBO және WBC нұсқалары бойынша чемпион титулына ие 33 жастағы Головкин үшін бұл 34-ші жеңісі. Бұл оның қарсыласын 31-ші рет нокаутпен жеңуі. 34 рет жеңіске жеткен Лемье үшінші рет жеңілді, деп жазды РИА Новости.

Соңғы жаңалықтар