Қазақстандық боксшы Нұржан Тұтқаев Қытайдағы дүбірлі додада жеңіске қол жеткізді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 17-18 қаңтар аралығында Қытайдың Нанкин қаласында К-1 және «Kunlun Fight 18» ММА бойынша кезекті турнир өтті, оған «Alem Fighters» клубының өкілі қазақстандық Нұржан Тұтқаев қатысты.

Қазақстандық боксшы Нұржан Тұтқаев Қытайдағы дүбірлі додада жеңіске қол жеткізді (ФОТО)

Қазақстандық былғары қолғап шебері американдық Эмилио Уррутиа екінші раундта-ақ нокаутқа жіберді. Айта кетейік, бұл турнирде оннан астам елдің былғары қолғап шеберлері өзара бақ сынасты.