Қазақстандық боксшылар Германияда өткен халықаралық турнирде үш алтын, күміс және қола медальдар жеңіп алды

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Ақпанның 17-23-і аралығында Германияның Одердегі Франкфурт қаласында өткен жастар арасындағы «Браденбург кубогы» халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылар үш алтын, күміс және қола медальдар жеңіп алды,
None
None

деп хабарлады Спорт комитетінің штаттық ұлттық командалар мен спорттық резервтер дирекциясының баспасөз қызметінен.

48 келіге дейінгі салмақта алматылық Әнуар Мұзапаров жеңімпаз атанды. Ол сондай-ақ, турнирдің үздік боксшысы атанды. Ал 54 келіге дейінгі салмақта жоғарғы тұғырға қарағандылық Руслан Мәдиев көтерілді. Ал 81 келіге дейінгі салмақта тараздық Арбек Әбдіғаниев чемпион атанды.

51 келіге дейінгі салмақта тек ақтық жекпе-жекте ғана қарсыласына есе жіберген астаналық Нұрлан Әбжанов «күмісті» қанжығаласа, 69 келіге дейінгі салмақта Жәнібек Әлімханұлы (Алматы облысы) «қола» жүлдені қанағат тұтты.

Халықаралық турнирге әлемнің 17 елінен 98 былғары қолғап шебері қатысты.

Соңғы жаңалықтар