18:55, 12 Шілде 2016 | GMT +5
Қазақстандық боксшылар Сойлыбаев пен Ақбербаев WBC рейтингінің ТОП-40 қатарында
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесі бойынша боксшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлады Sports.kz.
Оның қатарына Қазақстан боксшылары ілікті. Бекман Сойлыбаев екінші жартылай жеңіл салмақта ТОП-40 аяқтаса, Иса Ақбербаев бірінші ауыр салмақ дәрежесінде 39-шы орыннан көрінді.